29.06.2026
29 маусым күні Атбасар қаласының №1 жалпы білім беретін мектебі КММ-де педагогтердің құқықтық сауаттылығын арттыру және мемлекеттің конституциялық негіздері туралы түсінігін қалыптастыру мақсатында Конституция нені кепілдендіреді: оның артықшылықтары» тақырыбында ақпараттық сағат өткізілді. Іс-шара барысында қатысушылар Қазақстан Республикасы Конституциясының негізгі қағидаларын, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын, сондай-ақ конституциялық құндылықтардың қазіргі қоғамдағы маңызын талқылады. Ақпараттық сағат ашық пікір алмасу форматында өтіп, педагогтерге білім алушылардың азаматтық-құқықтық тәрбиесі мәселелері бойынша өз ойлары мен кәсіби тәжірибелерімен бөлісуге мүмкіндік берді. Іс-шара педагогтердің құқықтық құзыреттілігін арттыруға, конституциялық құқық саласындағы білімдерін кеңейтуге және білім беру үдерісінде Конституция қағидаттарын сақтаудың маңыздылығын тереңірек түсінуге ықпал етті.
